Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80

10 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 10 шілде 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


10 шілде. Туған күн иелері 61 жыл
бұрын (1958-2016) жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Әбдіраманұлы ҚОДАР дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 1982 жылы С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982-1985 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1997-1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болған. 1999-2001 жылдары Сорос-Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. 2002 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі. 2006 жылдан «Еуразиялық зерттеулер институты» Ресей-Қазақстан қоры бас директорының кеңесшісі. 2006 жылдың мамырынан - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры. «Парасат» орденімен марапатталған.

«Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Аттила» драмасын, М.Хайдеттер, Х.Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған.


10 шілде. Туған күн иелері 56 жыл
бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста Рика Республикасындағы, Дминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Андриан Көпмағамбетұлы ЕЛЕМЕСОВ дүниеге келді.

Марый облысының (Түрікменстан) тумасы. Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, «Шымкентқұрылыс» тресінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады.
1991-1992 жылдары шағын кәсіпкерлік саласында, «АКЕ С» компаниясының президенті. 1992-1995 жылдары - «Қазақиталқаракөл» бірлескен кәсіпорнының Италиядағы өкілі. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы. 1996-2001 жылдары - ҚР-дың Италиядағы Елшілігінің консулы-үшінші, екінші хатшысы. 2001-2003 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, мемлекеттік протокол қызметінің сапарлар бөлімінің бастығы, Орталық және Шығыс Еуропа бөлімдерінің бастығы. 2004 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 2015 жылғы тамыздан қазіргі қызметінде.


10 шілде. Туған күн иелері 50 жыл
бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Анар Нұралықызы ЖАЙЫЛҒАНОВА дүниеге келді.

Семей облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмәмдап, осы жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы оны үздік аяқтады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі аға консультанты (1994-1997); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1999); ҚР Әділет министрлігінде департамент бастығының орынбасары, бастығы (06.1999-12.1999); 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.

2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурыздан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды (2016 жылға дейін). ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты (2016-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

«Құрмет» (2009) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005); «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен; Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған.


10 шілде. Туған күн иелері 44 жыл
бұрын (1975) «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Қайыргелдіұлы ИГЕНБЕРДИНОВ дүниеге келген.

Қарағандыда туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (халықаралық құқық) бітірген.

Еңбек жолы: әскери трибунал қызметкері; «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасында «Кедентранссервис» АҚ базасында бірлескен кәсіпорын құру жұмыстарын ұйымдастырған (2007-2012); «Кедентранссервис» АҚ даму жөніндегі вице-президенті (2012); «ТрансКонтейнер» ААҚ (Ресейдің «РЖД» ААҚ контейнер операторы) қызметкері, Қазақстандағы бизнесті дамыту және интеграциялау мәселелерімен айналысқан; «Жібек жолы» кеден-брокер орталығының басшысы.

Қазіргі лауазымын 2018 жылдан бері атқарып келеді.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT